You are currently viewing ВОЛЕЙБОЛ ТУРЫ ӨТТІ!

ВОЛЕЙБОЛ ТУРЫ ӨТТІ!

  • Post category:Новости

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалық теміржолшылар арасында волейболдан турнир өтті. Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің командаларын жинаған спорттық доданы «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық филиалы ұйымдастырды.

Турнирдің алғашқы айналымында-ақ қарсыластарынан шеберлік асырған бөлімшенің «НОД-ГП» құрамасы турнирдің бас жүлдесін еншіледі. Екінші орынға Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасы шықса, үшінші орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС» құрамасына бұйырып, олардың бәрі кәсіподақтың арнайы кубогы мен диплом, бағалы сыйлығын иеленді.

– Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған спорттық шаралардың шымылдығын түрген бүгінгі ойын жоғары деңгейде өтті. Асығы алшысынан түсіп, шеберліктерін асырған командалар лайықты жүлде алды. Біздің теміржолшылар кәсіби деңгейдегі спортшылардан кем емес, шебер ойнайды, – деді бөлімшенің спорт секторы Бақытжан Имбергенов. Турнир қорытындысында спорттық жарыстарда алдына жан салмайтын ардагер машинист, Қызылорда локомотив пайдалану депосы құрамасының ойыншысы Арынғазы Ысқақов «үздік шабуылшы», Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі құрамасынан Марат Орынбасаров «үздік ойыншы» атанды. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы командасының ойыншысы Жаңабай Жұмаділдаев «Үздік қорғаушы», ал «Белкөл» құрамасының ойыншысы Айбек Айшыбеков «үздік үйлестіруші» атанып, арнайы сыйлықтар алды.


Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,
Қызылорда
Суретті түсірген автор