You are currently viewing НИКОТИНГЕ – ВИТАМИН

НИКОТИНГЕ – ВИТАМИН

  • Post category:Новости

1 наурыз күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Никотинге – витамин» акциясы өтіп, оған теміржолшылар белсенді қатысты.
Темекілерін әкеп тапсырған теміржол саласының қызметкерлеріне хош иісі бұрқыраған қып-қызыл алмалар таратылды. Аталған акция биыл бесінші рет өтіп отыр.
Акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев пен Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Сәрсембеков Компания қызметкерлерін шылымнан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
– «Никотинге – витамин» акциясының түпкі мақсаты, сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға, бұл қағиданы балаларыңызға да насихаттауға бағытталып отыр. Денсаулық – зор байлық.
Сондықтан денсаулықты күтіп, спортты серік еткен жөн. ҚТЖ – салауатты өмір салтын, ауызбіршілікті ұстанатын компания. Солай болып қала бермек. Баршаңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін, спортты серік етуге шақырамын, – деді Серік Кеулімжаев.
Өз кезегінде Асқар Боранқұлұлы да пайдасынан зияны көп темекінің тек жаман әдет екенін, ерік-жігері бар адамдар үшін одан арылудың түк те қиыны жоқ екенін жеткізді.
Бұдан кейін акцияға қатысушылар Әлеуметтік саясат департаменті қызметкерлерінің қолдауымен ырғақты әуен жетегінде жаттығу жасап, өн-бойларын бір сілкіп алды. Жалпы мұндай игілікті шараның көңіл-күйді көтеріп, денсаулық туралы бір сәт ойлануға мұрсат беретіні сөзсіз деп өзара пікір бөлісті акцияға қатысушылар.


Ислам ТАЛҒАТ
Суретті түсірген автор