Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы тәжірибелі теміржолшыларымен ерекшеленеді. Теміржолда көздің қарашығындай сақталатын қауіпсіздіктің алғышарты кәсібилік деп түсінетін дистанциялықтар білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырудан ешқашан шет қалған емес.
еңбек етіп келе жатқан Фарида Балғабаева – сондай кәсіби біліктілігі жетілген, тәжірибелі теміржолшылардың бірі. Ол дистанцияның құжаттар бөліміндегі жауапты маман болғандықтан бүкіл қор, техника мен құрылғылардың жұмысын бес саусақтай меңгерген. Себебі оның функционалдық міндетіне белгі беру және байланыс құрылғыларының техникалық құжаттарын қамтамасыз етумен қатар жаңадан келген ұсыныстарды, жобалық сызбаларды енгізіп, сәйкестендіруін қадағалау да кіреді. «Үшқорай – Қауылжыр станцияларының аралығына жауап беремін. Оның ішінде үлкен Шалқар станциясы бар. Механиктердің жұмыстарының техникалық құжатқа сәйкестігін жітібақылап отырамыз. Жұмыс жауапкершілікті және қырағылықты талап етеді. Қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін әр жұмысты үтір-нүктесіне дейін қараймыз. Кішкентай қателіктің зардабы үлкен апатқа әкелуі мүмкін», – дейді Фарида Балғабаева.
Дистанция теміржолда алғашқылар қатарында құжаттарын электронды форматқа енгізді. 2003 жылғы тәжірибе алмасу мектебі жұмысты жеңілдеткен. Осы жұмыстардың басы-қасындабілікті маман Фарида Балғабаева жүрді. Тиімділігі жоғары жобаны жүргізудегі қызметі басшылық тарапынан лайықты бағаланып, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалімен марапатталды. Кейіпкеріміз Түркістан қаласы ның тумасы, 1986 жылы Алматы көлік инженерлері институты на оқуға түседі. Шалқардағы теміржолшылар отбасына келін болып түсіп, 1991 жылы дипломалғасын жолдасымен қол ұстасып сонда аттанды. Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясына жұмысқа қабылданып, міне 32 жыл еңбек етіп келеді. «Теміржол қызметін «жартылай әскери сала» деудің өз себебі бар. Өйткені мұнда берілген тапсырма талқыланбайды. Мүлтіксіз орындалады. Сонымен қатареш ақаусыз жасалуы тиіс. Себебі қауіпсіздік көздің қарашығын дай сақталып, қорғалады. Ал қауіпсіздік жұмысты сауатты, қатесіз атқарғанда ғана сақталады, ол үшін кәсібилік керек», – дейді тәжірибелі маман.
Ардақ ЕРУБАЕВА,
Ақтөбе
Суретті түсірген автор