Күзгі комиссиялық байқау жұмыстары басталады

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде келесі аптадан бастап күзгі комиссиялық байқау жұмыстары басталады. Арнайы құрылған комиссия Атыраудан бастап, Мақат, Құлсары, Ганюшкино, Бейнеуге дейін түгел сүзгіден өткізбек.
Тексеріс барысында әдеттегідей қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр құрладарының жағдайы, вагондардың жайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміршолшылардың білімі мен біліктілігі, әлеуметтік мәселелері, проблемалары да қаралады.
«Комиссия мамандарымен қамтылған 2023 жылғы тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылады. 11 қыркүйек-13 қазан аралығында бір ай уақытты қамтитын тексеріс ең әуелі Ганюшкино – Д.Нұрпейісова телімі бойынша жүргізіледі. Ганюшкино – Исатай, Исатай – Қызылжар телімдеріндегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, вокзал ғимараты, т.б. қаралады. Содан кейін Махамбет, Атырау, Ақжайық, Теңдік станцияларына тоқтап, сол жерлерде тексерумен қатар талқылау жұмыстары да жүргізіледі. Ақырында Мақат – Құлсары, Мақат – Сағыз телімдерінен басталып, Құлсары – Бейнеу, Бейнеу – Атырау аралығындағы нысандар қаралады», – дейді Атырау жүк тасымалы өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Әзиз Айжарықов.
Жалпы, биылғы жылдың 8 айында пойыз және маневрлік жұмыстарда өңірде өндірістік жарақат алу жағдайы орын алған жоқ. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша нәтижелер қанағаттанарлық деңгейде.
Қосұйым Мұқашев