дегендей, қазынамыз ортаймасын. Міне, осындай теңеуге лайықты қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан қарттар күнімен “ҚТЖ-Жүк тасымалы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі -“ЖТ- Жамбыл бөлімшесі” филиалының Кәсіподақ ұйымы құттықтап, қарт көңілдерін жұбатып, мерекелік көңіл – күй сыйлап, дастархан жаю бәріміздің міндетіміз деп білеміз. Осындай мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында қарттар күніне орай теміржол саласында қызмет еткен 48 зейнеткерді киелі жер Арыстан баба, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне баруына ат салысып, жол шығындарын төлеп қарттарымыздың батасын алдық.
Жамбыл бөлімшесінің НОД-8, ВЧД-27, ТЧЭ-30, ТЧЭ-31 мекемелері мен Шығанақ, Жаңатас, Қаратау, Тараз, Түрксіб, Шу станцияларынның жалғыз басты, хал-ахуалдары мен денсаулықтары орташа жағдайдағы 135 теміржол зейнеткерлеріне мерекелік азық-түлік қоржындары таратылды.
Сонымен қатар бөлішеміздің жоғарыда айтылған мекемелері мен станцияларының басқа да зейнеткерлеріне мейрамханада арнайы дастархан жайылды. Шараға шамамен барлығы 200 -ге жуық ата, әжелеріміз қатысты. Осындай бас қосуда,
қарттарымыз ән айтып, би билеп, өткенді еске алып бір марқайып қалды.
Біздерге жол көрсетіп, темірқазық болып, аман жүріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ардагерлер!
Біз Сіздермен мақтанамыз!