Шалқар станциясында кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен во- лейболдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық шараға барлық мекеме қызметкерлері атсалысты.
Өткен жексенбі, 19 қараша күні өткен жолдастық кездесуге жалпы саны 60 адам өтініш беріп, олар алты командаға бөлінді.
Жарыс өте тартысты да қызықты өтіп, шебер ойын болды. Таңертеңнен түс ауғанша созылған жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды ШЧ -3 командасы еншілесе, 2-орын ТД-1 командасына бұйырды. Ал 3-орынды ВЖДО қызметкерлері иеленді.
«Шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Қызметкерлер арасында мұндай шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Жарыста командалар жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысып бақты. Оның үстіне спорттың бұл түрі аймақта кең тараған. Ұжым мүшелерінің көпшілігі – жастайынан волейбол ойнап, түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлде алғандар.
Жарыстың тартысты да қызықты әрі шебер өтуі бекер емес», – деді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан. Жолдастық кездесудің соңында жеңімпаз командалар марапатталып, мерейі үстем болды.
Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор