Вы сейчас просматриваете Алғашқы күміс медальді жеңіп алды

Алғашқы күміс медальді жеңіп алды

  • Рубрика записи:Новости

Маңғыстаулық бұрынғы теміржолшы, қазіргі күні спортшылар қатарында еліміздің атын шығарып жүрген Мейірбек Өтепов тағы да жүлдеге ие болды. Шетелде өткен әйгілі жарыста пара үстел теннисі тарихында алғашқы күміс медальді жеңіп алды.
Иорданияның Амман қаласында өткен «ITTF Al-Watani Para Championships 2024» жарысында пара үстел теннисінен 4-5 санат бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген Мейірбек жеке жүйенің ширек финалында Ирак елінің спортшысына есе жіберсе, иорданиялық қарсыласынан 3:0 есебімен алға шықты. Сөйтіп үшінші орынға ие болды. Жүптық жүйеде үндістандық спортшымен бірігіп Иордания, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания елінен келген қатысушыларды жеңді. Финалда да жақсы ойын көрсетті. Тек қана Ирак елінің спортшыларынан 2:3 есебімен ұпай жағынан артта қалып, екінші орынға жайғасты.
талған жарысқа Үндістан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Ирак, Филиппин, Шри-Ланка, Кувейт, Сирия, Кипр, Йемен, Малайзия және Қазақстан спортшылары қатысқан болатын. Сонша елден келген спортшылар арасынан Мейірбек Өтеповтің жүлдегер атануы үлкен жеңіс дейді маңғыстаулық спортшылар.
Еске сала кетейік, Мейірбек кезінде түбек теміржолында пойыз құрастырушы болған. Жұмыс кезінде орын алған оқыс жағдайдан бір аяғы мен бір қолынан айрылып, мүгедек болып қалғанына қарамастан еңсесін қайта тіктеп, спортпен тұрақты түрде айналысып, көп жетістікке қол жеткізіп жүр.
Шахида Жұман