1 шілде күні Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылды. Қонақтарға өндіріс орнынан алғашқы шығарылған үш вагон – осьтік салмағы 23,5 тс. ашық вагондар мен платформа таныстырылды.
Шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы А.Панбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, «Тексол» компаниясы тобының басшылығы, аймақ темір жол бөлімшесі өкілдері қатысты.
Кәсіпорынның PR директоры Мәдина Қазбекованың мәліметінше, Атырау вагонқұрылысы зауыты жүк вагондарын және мұнай өнімдерін, сұйытылған газ бен өнеркәсіптік жүктерді тасымалдайтын цистерналар шығаруға мамандандырылған. Зауыттың толық қуатына көшу кезеңі 2027 жыл деп жоспарланып отыр және жылына 6-7 мың вагон шығарады. Қазіргі уақытта зауыттың өндірістік аумағы 17 мың шаршы метрді құрайды, ал 2027 жылға қарай 62 шаршы метрге дейін кеңейеді деп күтілуде.
Қосұйым Мұқашев