Вы сейчас просматриваете Мәжіліс депутаты теміржолшылармен кездесті

Мәжіліс депутаты теміржолшылармен кездесті

  • Рубрика записи:Новости

ҚР мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мен облыстық мәслихат төрайымы Гүлқасима Сүйінтаева Ақтөбе өңірін аралап, халықпен жүздесті. Бірнеше кездесу теміржолшылар тұратын аудандарда өтті.
Халық қалаулысы теміржолшылар тұрмысы оған жақсы таныс екенін жеткізді.
“Әкем теміржолшы болған. Ол Ақтөбенің Шалқар ауданындағы Бершүгір станциясында қырық жыл еңбек етті. Сондықтан теміржолшылардың жағдайын, ауыр да жауапты жұмысын жақсы білемін. Мен әлеуметтік даму комитетінің мүшесімін. Бүгінде халықтың әлеуметтік ахуалын оңалтуға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр» деген депутат ханым біраз ақпарат беріп, білім беру және тәрбие туралы заңдағы өзгерістерді де тілге тиек етті. Оқушыларға сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салатын заң баланың алаңсыз білім алуына жасалған шешім екені айтылды. Алдағы уақытта 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге жеке аккаунт ашуға тыйым салатын заң қаралатыны да айтылды.
Теміржолшылар тарапынан балалардың мектепке дайындығын мектепте ұйымдастыруға, сонымен қатар зейнетке 55 жастан шығуға қатысты сұрақты көтерді. Ауыр жұмыс, қауіпті өндірісте жүргендерден бөлек, басқа теміржолшылар үшін де бұл мәселенің өзекті екені сөз болды. Депутат мәселені жауапты министрлікке жеткізуге уәде берді.