Тарихи экскурсияны ҚТЖ филиалы – “Бас есептеу орталығы” (БЕО) және ҚТЖ теміржол көлігінің орталық мұражайы ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шара Қазақстан темір жолының 120 жылдығына және озық қазақ зиялыларының өкілі, қазақтардың тұңғыш теміржол инженері, “Алаш” қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі, Түркістан автономиясы үкіметінің тұңғыш төрағасы Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 145 жыл толуына арналды.
“Дөңгелек” үстелге теміржол көлігінің ардагерлері мен жас теміржолшылар жиналды. Кездесуде теміржолшы өмірінен қызықты фактілер айтылып, тарихи бейнеролик көрсетілді, викторина өткізілді және ең білімді қатысушылар марапатталды.
Мұхамеджан Тынышпаев – көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, ол II сайланған Ресей империясы Мемлекеттік Думасының депутаты болып сайланды, Аграрлық комиссияның мүшесі болды. Түркістан – Сібір магистралін жобалауға және салуға тікелей қатысты.
Мұхамеджан Тынышпаев есімі Алматы қ. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына берілген, оның құрметіне ескерткіштер тұрғызылып, көшелер аталды. ҚТЖ темір жол көлігінің орталық мұражайында алғашқы Қазақ темір жол инженеріне оның құжаттары мен жеке фотосуреттері жиналған жеке бөлім арналды.