10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күнін атап өтуге байланысты, 10-шы қазан күні “Қазкөліккәсіп”ҚБ Қызылорда филиалы Атқару комитетінің отырысы өткізілді. Отырысқа, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев, филиалдың бастауыш кәсіподақ төрағалары, спорт секторы және кәсіподақ белсенділері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: 1).Қызметкерлерден келіп түсетін сұрақтарға уақытылы жауап беру механизмін іске асыру регламенті. 2).Қызметкерлер үшін арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарымен уақытылы қамтамасыз ету және оның сапасы туралы. 3).Қазкөліккәсіп”ҚБ Орталық Кеңесінің, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының және “Қазкөліккәсіп”ҚБ Қызылорда филианың әлеуметтік желілердегі сайттарына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының атқарылып жатқан жұмыстарын кеңінен ақпараттандыру туралы. Филиал төрағасы Бауыржан Ахметов жиналысты ашып, жиынға қатысушыларды Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасымен таныстырып сөз берді. Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев кәсіподақтар күнімен құттықтап, Кәсіподақтың өндіріс саласындағы негізгі маңыздылығын айқындап, кәсіподақ мүшелерімен қарым қатынасты нығайту жөнінде ақпараттар берді. Сөз соңында, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін төс белгісімен ПЧ-57 кәсіподақ төрайымы Галина Ноғайбаеваны марапаттады, Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен кәсіподақ цехтік төрағалар Еркін Асанканов, Нұрлан Жумканов марапатталды. Облыстық кәсіподақтар орталығының Алғыс хаттарымен 8 кәсіподақ белсенділері марапатталып және филиалдың есебінен 20.000 теңгеден сыйақы табысталды. Әрі қарай, филиал төрағасы Бауыржан Ахметов бастауыш ұйымның төрағаларымен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірнеше тапсырмалар берілді. Жиналыс соңында, Кәсіподақ филиалының атынан барлық кәсіподақ төрағалары мерекелік датаға орай Құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Және жиналысқа, арнайы 40 жыл Қызылорда теміржол саласында қызмет еткен және сонымен қатар 20 жылға жуық НОД-10 кәсіподақ төрағасы қызметін атқарған Әбдімұрат Әбілдаев және 8 жыл ЭЧ-26 кәсіподақ төрағасы болған Жеткерген Елжасты зейнетке шығарып салу салтанаты жасалды. Оларға бағалы сыйлықтары мен шапан, адресат және сыйақы табысталды.
Қазақстан кәсіподақтары күні. Қызылорда
- Запись опубликована:14.10.2024
- Рубрика записи:Жаңалықтар