Вы сейчас просматриваете Жамбыл: теміржол инфрақұрылымын жаңғырту

Жамбыл: теміржол инфрақұрылымын жаңғырту

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінің Жамбыл бөлімшесінде теміржол кәсіпорындары барлық кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жол шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту белсенді жүргізілуде. Жамбыл жолшылары негізгі бағыттарының бірі – темір жолдардың ағаш негізін темірбетонға ауыстыру, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Соңғы бес жылда бөлімшенің 192,64 км жолын күрделі жөндеу кезінде 242 556 жаңа темірбетон шпалы төселді.
Осы жылы Жамбыл өңірінде 26,05 км-ге күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 1,3 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жамбыл – Жаңатас учаскесінде күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Негізгі жолда 213 жиынтық мөлшерінде жаңа темірбетон арқалықтарға бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілді.
Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда теміржолшылар 29 мың текше метр жол қиыршық тастарын және темірбетон негізіндегі бағыттамалық бұрмалардың 32 жаңа жиынтығын салады.
Жол жұмыстары арнайы жол машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі. Магистральды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу кезінде жол шаруашылығы кәсіпорындарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Шу машиналандырылған жол дистанциясы техникасы пайдаланылады, оның паркінде 61 бірлік арнайы машина бар.
Ескі жылдықтарды жөндеумен, ұзындығы 800 метр бунаққа жаңа рельстерді дәнекерлеумен Луговск рельсті дәнекерлеу кәсіпорны айналысады. Кәсіпорынның техникалық жабдықталуы рельстерді тек стационарлық жағдайда ғана емес, сонымен қатар тікелей жолдарда өздігінен жүретін жол рельстідәнекерлеу мәшине (ӨЖРД) типті жылжымалы машиналармен дәнекерлеуге мүмкіндік береді.
Шу–Отар учаскесі бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін Алайғыр станциясында 2/4 және Көктөбе станциясында 5/7 жаңа бағыттамалы көшелер салынды. КТҚК (көпфункционалды техникалық құралдар кешені) бекеттік жабдығы 19 станциядағы модульдік контейнерлерге көшірілді. 2023 жылы Саршыған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдардың (ЖАЗ) өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жүргізіліп, онда бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешені пайдалануға берілді.
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Автопаркті жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 ЧЕТРА Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды.