14 ақпан күні Семей темір жол бөлімшесіне қарасты мекеме жұмысшыларының арасында салалық кәсіподақтың «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ ұйымдастыруымен шаңғы тебуден жарыс өтті. Аталмыш жарыс осы өңірдің кәсіподақ жетекшілері мен кәсіподаққа зор еңбегі сіңген марқұм Досанов Алик Тұрсынұлының бастамалары еді. Осы игі іс-шара жылдан жылға жұмысшылардың қызығушылығын арта түсуде.

