9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңіс күнінің 80 жыл толғанына орай Семей Жүк тасымалы басшысы Сейсемқанов Алмас Ғылымұлы бастаған мекеме басшылығы Жеңіс саябағында мәңгілік отқа гүл шоқтарын қойып, осы алпауыт соғыста қайтыс болған жауынгерлердің рухына тағзым етті! Және Семей темір жолына қарасты мекемелер басшылығы кәсіподақтың қолдауымен, соғыстың тыл ардагерлерін құттықтап, қал жағдайларын сұрап үйлеріне барып сыйларын беріп шықты.
Ауған, Таулы Карабах, Тәжік-Ауған соғыстарының, және Чернобыль апатынан зардап шеккен теміржолшы ардагерлерін Семей темір жол бөлімшесіне арнай шақырып, басшлық, кәсіподақ және ұжымдастардың ұйымдастыруымен ардагерлерімізге концерт қойылды. Отан қорғаушылар күні, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 80 жыл толуына орай ардагерлерімізге дастархан жайылып, бата-тілектерін алдық.
Жылдан жылға ардагерлерімізбен осылай кездесе беруге Алла нәсіп етсін, денсаулық, ұзақ мағыналы да маңызды ғұмыр тілейміз. Отан алдындағы жантүршігерлік ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Мейрам құтты болсын.
