Вы сейчас просматриваете  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

1 маусымда Достық ауылында ерекше мейірімге толы, жарқын іс-шара өтті!
Ауыл әкімшілігі мен теміржол станциясы бірлесіп ұйымдастырған бұл шара аясында балаларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды!

Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің ең жарқын нұры.
Олардың жүзіндегі күлкі мен қуанышты сәттер – бәріміз үшін ең үлкен сый.

Біз балалардың бақытты, қауіпсіз және қуанышқа толы балалық шағы үшін бірге еңбек етеміз!

Барша балақайларды мерекемен құттықтаймыз!
Армандарыңыз асқақ, өмірлеріңіз шаттыққа толы болсын!