Вы сейчас просматриваете Жаңа депо іске қосылды

Жаңа депо іске қосылды

Шу қаласында жаңа локомотив пайдалану депосы іске қосылды. Депо құрылысын Францияның жетекші компанияларының бірі – Alstom екі жылдың ішінде сәтті аяқтап шықты.
Жобаға тартылған инвестицияның көлемі 4 миллиард теңгеден асады. Жаңа депо «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пайдаланатын KZ4 және KZ8 электровоздарына техникалық қызмет көрсетуге арналған.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай, өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, қызмет көрсетеді. Мамандардың айтуынша, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған депо ай сайын 120- ға жуық электровозға жөндеу жүргізе алады. Ал жылдық қуаты 1 500-ге жуық электровозды құрайды.
Жаңа депоның іске қосылуына байланысты өткен салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, ҚР Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері және жоба жетекшілері қатысты.
Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова екі ел арасындағы берік стратегиялық әріптестік аясында бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асып жатқанын атап өтті. Alstom компаниясының Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры Жером Бойе Қазақстан тарапынан көрсетілген сенім мен екіжақты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
Ардақ Үсейінова