Семей темір жол бөлімшесінде салалық кәсіподақ ардагерлері – Құрметті теміржолшы Алик Досанов пен Асхат Жармұхаметовты еске алуға арналған футболдан турнир өтті.
Осы мини-футбол алаңының салынуына Алик Тұрсынұлының өзі ұйытқы болған қаланың «теміржолшылар» ауданындағы футбол алаңында өткізілді.
Екінші жыл ұйымдастырылған турнирдің беташар рәсімінде бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтар сөз алып, лебіз білдірді.
Ойын өте тартысты өтті. Нәтижесінде Аягөз станциясының командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды НЖС-6 командасы жеңіп алса, жүлделі үшінші орын НОД-ЖТ спортшыларына бұйырды.
Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, турнир кубогін иеленді.



