Еліміздің барлық өңірлерінен 96 мыңнан астам теміржолшы 364 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстары мен конференцияларына қатысты. Жоғары белсенділік қызметкерлердің кәсіподақтарға деген сенімін және олардың ортақ міндеттерді шешуге қатысуға дайындығын көрсетті.
Кәсіподақтың он филиалында өздерін жауапты көшбасшы ретінде көрсеткен қазіргі төрағалар қайта сайланды. Жамбыл, Алматы және Ақмола филиалдарында ұжымдар теміржол өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің арасынан жаңа кәсіподақ көшбасшыларын сайлады.✅
Кәсіподақ комитеттерінің, ревиззиялық және келісім комиссияларының, сондай-ақ техникалық инспекторлар корпусының құрамы жаңартылды. Бұл қызметкерлердің құқықтарын одан да тиімді қорғауға, еңбек жағдайларын бақылауға және туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді
