Вы сейчас просматриваете Астанада Кәсіподақтың басшылық органдарының отырыстары өтті

Астанада Кәсіподақтың басшылық органдарының отырыстары өтті

2026 жылғы 24–25 ақпанда Астана қаласында Кәсіподақтың Атқару комитеті мен Орталық кеңесінің отырыстары өтіп, ұйым қызметінің негізгі мәселелері және Конституцияның жаңа редакциясының негізгі ережелері қаралды.

24 ақпанда Кәсіподақтың Атқару комитетінің отырысы өтті. Қатысушылар 2026 жылға арналған Кәсіподақ филиалдардың бюджеттерін бекіту, Орталық Кеңестің ұйымдастырушылық жұмысы, 2024–2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарт талаптарының орындалу барысы, 2025 жылға арналған жиынтық статистикалық есептің қорытындылары, сондай-ақ 2025 жылғы есептік-сайлау науқанын өткізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ өңірлердегі ақпараттық жұмысты жандандыру, Кәсіподақтың жаңартылған логотипін пайдалану, музей менеджерлерінің есептілігі, бюджеттік шығыстарды келісу және өзге де мәселелерге назар аударылды.

25 ақпанда Кәсіподақтың Орталық Кеңесінің отырысы өтті. Онда Кәсіподақтың ағымдағы қызметі, 2025 жылға арналған кәсіподақ бюджетінің орындалуы және 2026 жылға арналған сметаны бекіту мәселелері қаралды. Сонымен қатар еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссия мен Кәсіподақтың жастар істері жөніндегі комиссияның қызметіне ерекше көңіл бөлініп, комиссиялар туралы ережелер, олардың құрамы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.

Қабылданған шешімдер Кәсіподақтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ұйымдастырушылық жұмысты дамытуға және Кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.