“ҚАЗКӨЛІККӘСІП” ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары әйелдерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қызметкер әйелдерге олардың кәсібилігі, жанқияр еңбегі және теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріліп, жылы лебіздер айтылды. Іс-шара мерекелік әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың маңызды да жауапты еңбегіне деген құрмет пен ризашылықты сезіндірді.



