Вы сейчас просматриваете Жетпіс пайыз екпе алды

Жетпіс пайыз екпе алды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерлері қауіпті індетке қарсы вакцина алуды елдің алдымен бастап, ерікті түрде екпе алушылар қатары күн санап артпаса, кеміген жоқ.

Бүгінгі таңда ҚТЖ бойынша 78 мыңнан астам қызметкер Covid-19-ға қарсы вакцинацияланды, бұл барлық ұжымның 70,6% құрайды. Оның ішінде 48,7% вакцинаның екі компонентін алып, егу курсын толық аяқтады.

Теміржолшылар егуді тікелей жұмыс орындарында алады, ол үшін арнайы медицина қызметкерлері шақыртылады. Егу пункттері депода және қызметкерлер күн сайын ауысым алдындағы тексеруден өтетін станцияларда жұмыс істейтін медициналық кабинеттер базасында орналастырылған.

Екпе алу процедурасының емханалардағыдан еш айырмашылығы жоқ. Вакцинация алдында міндетті тексеру, артериялық қысымды өлшеу, қызметкердің денсаулық жағдайын бағалау жүргізіледі.

Вакцинация күніне дейін дәрігерлер қызметкерлермен алдын ала онлайн-жүздесулер өткізіп, онда екпе егудің пайдасы туралы айтылады.

Бүгінде елдегі жағдай коронавирустың дельта штаммының кең таралуымен ушығып тұрғанын ескерсек, өзінің және жақындарының денсаулығын жоғары қойған теміржолшылардан үлгі алуға тұрарлық.

Даниял ХАМИТ, Нұр-Сұлтан