You are currently viewing ВАКЦИНА – ІНДЕТТІ ЖЕҢУДЕ БАСТЫ ҚАРУ

ВАКЦИНА – ІНДЕТТІ ЖЕҢУДЕ БАСТЫ ҚАРУ

  • Post category:Новости

Аймақта қалыптасқан эпидемиялық ахуалға орай бөлімше теміржолшылары жаппай екпе алу жұмысына бір кісідей атсалысып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына үлес қосты.

Бүгінгі күнгі ақпар бойынша бөлімше еңбеккерлерінің тоқсан пайыздан астамы вакцина алды. Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Жанар Ибрагимованың ұсынған мәліметінше, мәселен, Қызылорда локомотив пайдалану депосы теміржолшыларының 99,2 пайызы, Қазалы вагон пайдалану депосы, Сексеуіл станциясы ұжымының 94,9 пайызы және ЖТ жеке құрамының 92,4 пайызы екпенің екі кезеңін салдырған.

– Қыркүйек айының алғашқы жартысындағы жағдай бойынша бөлімшедегі теміржошылардың 87,9 пайызы тұрғылықты жерлеріндегі дәрігерлік пункттерден екпе алды. Дегенмен карантиндік шаралардың қатаңдатуына байланысты жұмыс барысындағы сақтық шаралары еш бәсеңдеген жоқ. Жұмыс кезінде толық сақталуда, – деді кадр бөлімінің бастығы Жанар Ибрагимова.

Сонымен қатар Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша да екпе салдыру жұмысы 94,2 пайызға жеткізілген. Бұл бөлімшедегі мекемелер арасында Қаламаңы тасымалы филиалы, Көпсалалы қызмет көрсету орталығы және Бірінші қолдау желісі бөлімі Қызылорда мекемелерінің теміржолшылары 100,0 пайыз екпе салдырса, ӘТЖК мен Жолаушылар тасымалы филиалының 90,4 пайызы вакцина салдырған. Жалпы қазіргі таңда күнделікті жұмысқа қосылып жүрген теміржолшылардың барлығы екпе салдырған, тек белгілі бір медициналық шектеумен рұқсат берілген санаттағы теміржолшылардың ғана екпе алуы кейінге қалдырылған. Жалпы, аймақ халқы бүгінде вакцина індетті жеңуде басты қару екенін жақсы түсінген, сондықтан жаппай екпе алуға ден қойған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,

Қызылорда