Вы сейчас просматриваете ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Ақтөбе қаласының орталығында теміржолшылар саябағы пайда болды. «Қамқор Менеджмент» компаниясы ұйымдастырған «Қамқор Park» акциясының кезекті шарасына өңір теміржолшылары, ардагер теміржолшылар мен жергілікті билік өкілдері шақырылып, қолдау білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмыстық жағдайын және әл-ауқатын арттыру жолында жасыл экономикаға көшуге шақырғаны белгілі. Бұл бастамаға «Қамқор Менеджмент» компаниясы елдің алдымен үн қатып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, жұртшылықты салауаттылыққа үндеп, жасыл желекпен көмкерілген табиғат сыйлауды әдетке айналдырып жүр. Ақтөбе қаласының ортасында орналасқан №51 мектеп-гимназиясының бос жатқан ауласына мыңдаған ағаш отырғызып, білім ордасының ғана емес, қаланың сәнін келтірген жасыл желекке жергілікті тұрғындар дән риза.

«Қоршаған ортаны көркейту, көгалдандыру – баршаның ортақ ісі. Бұл ретте қаншама жарқын жобаларға ұйытқы болып жүрген теміржолшылар еңбегін айрықша айтқан жөн. Теміржолшылардың осындай көгалдандыру жұмыстарына қатысуы – ең алдымен табиғат- анаға жасалған сый. Бүгінгі отырғызылған ағаштар ертеңгі ұрпаққа саябақ болады. Еліміз аман болып, осындай игі істерде қуана берейік», – деді ардагер теміржолшы Қанат Әлмаханов.

Экологиялық таза ауада өмір сүруге үндеген акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ардақ ЕРУБАЕВА,

Ақтөбе