Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы тәуелсіздіктің 30 жылдығына боулингтен турнир өткізді. Спорттық сайысқа аймақтағы кәсіпорындардан іріктелген 9 команда қатысып, өзара бақ сынасты.Жалпы, боулингті спортшылар ептілер ойыны, осы заманға сай асықтың бір түрі деп жүр. Сондықтан оған қызығушылардың қатары да соңғы кезде артып келеді. Сол себепті қол мергендер мен көз мергендердің қатарында ерлер де, әйелдер де бірдей болды.
Сайыс барысында өз бейімділіктері мен ерік күштерін бір-бірінен асыруға ұмтылып шебер ойнаған Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы мен Электрмен жабдықтау дистанциясының командалары басты орындарды иемденді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты.
Спорт нұсқаушысы Р.Иманғазиевтің айтуынша, командалардың бәрі де жақсы нәтиже көрсетті, жеңімпаздарға кубок пен дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Суретті түсірген автор