You are currently viewing Ел ертеңіне сеніммен қарайтын Жолдау

Ел ертеңіне сеніммен қарайтын Жолдау

  • Post category:Новости

Жыл басының жаңа парағы жылдағыдан өзгеше, ел арасындағы ереуіл-дүмпулермен есте қалғанын жасырып қала алмайтынымыз белгілі. Газ бағасының күрт қымбаттап кетуіне орй Жаңаөзеннен басталған бейбіт шерулер басқа өңірлерді де шарпыды. Аталған наразылыққа мемлекет басышысы араласып, Үкімет комиссия құрып, уақытында мәмлеге келе білді.

Елдегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік тарихында алғаш рет аса күрделі кезеңге тап болғанын, осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білгендігін жеткізді. Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажеттігін, еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісіндегі басты рөл атқаратын «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын жандандыру жөнінде, экономиканы әртараптандыру арқылы еліміздің әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі, экономика өсіп, халықтың табында алшақтық пайда болғандықтан тұтыну несиелерінің айтарлықтай артуына орай Қаржы нарығын дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел шешім қабылдауды тапсыруы, сондай-ақ, 2025 жылға дейін инфляцияны 3-4 пайыздан асырмау туралы тапсырмалары көп көңілінен шықты.

Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті одан әрі қолдау дамыту, 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі 5 техникалық жоғарғы оқу орнын ашу, қарулы күштерімізді қайта даярлау, құқық қорғау орындарымен Қорғаныс саласын реформалау, діни экстремизге тиым салу, кеден саласын реттеу, ауылшарушылығына баса назар аудару, ұстаздар үшін жаңа бағдарлама әзірлеу, мемлекттік басқару саласын реформалау, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің халықпен байланысын арттырып, бюрократия мен қағазбастылықты жою жайлы міндеттемелері ел үшін ең басты қажеттіліктер болатын. Осы орайда Мемлекет басшысының халық үшін қолға алуға тиісті қадау-қадау тапсырмалары, Жолдаудағы жалпақ жұртшылыққа жеткізген міндеттерін қолдаймын.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тұрмағанбетов.