ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
Кәсіподақ сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, еңбек заңнамасының сақталуын, Ұжымдық шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мәселелері бойынша кәсіподақ жұмысындағы негізгі бағыттар:
- еңбек заңнамасының сақталуын, Салалық келісім мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуын бақылау;
- әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жұмыс комиссияларының жұмысына қатысу;
- Компанияның өзіне де, оның ЕҰ-нда да деңбекақы төлеу, жұмыс орындарын да, жұмыскерлерді де аттестаттау, келісім комиссияларының жұмысына және т. б. мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссияларға, қатысу;
- жұмыс берушінің мүддесі үшін де, кәсіподақ мүшелерінің мүддесі үшін де сот ісін жүргізуге қатысу;
- кәсіподақ мүшелеріне, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұжымдық шартқа қосылған қызметкерлерге тегін консультациялар және құқықтық көмек көрсету;
- мемлекеттік билік органдарында және жұмыс берушінің алдында, сот және басқа да органдарда еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерінің, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұжымдық шартқа қосылған қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған ХЕҰ конвенцияларының ережелері мен нормаларын түсіндіру;
- заңнама нормаларын дұрыс қолдану мақсатында өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша республиканың қатысты министрліктерімен, уәкілетті органдармен жұмыс;
- Кәсіподақ мүшелеріне, Келісім комиссияларының мүшелеріне, техникалық инспекторларға, сондай-ақ Кәсіподақтың кәсіби белсенділері мен штаттық қызметкерлеріне арналған тақырыптық семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- еңбек заңнамасын сақтау, Ұжымдық шарт талаптарын орындау, еңбек ұжымдарымен кездесу мәселелері бойынша өңірлер бойынша көшпелі тексерулер;
- азаматтық әуе көлігінің, «Қазавтожол» АҚ-тың салалық комиссияларының олардың Салалық келісімдерін дайындау және қол қою жөніндегі жұмысына қатысу;
- Компанияның, оның ЕҰ, сондай-ақ жергілікті кәсіподақтарда – салалық Кәсіподақтың мүше ұйымдарында ұжымдық шарттарын әзірлеу және қол қою жөніндегі жұмыс топтары мен комиссияларында жұмыс істеу;
- кәсіподақ мүшелерінің де, олардың отбасы мүшелерінің де жазатайым оқиғалары, аурулары кезінде материалдық көмек көрсету.
Байланыстар:
- Бас құқықтық инспектор: Назира Серікқызы Көшкімбаева
- Телефон: +7 (7172) 60-35-33
- Email: Koshkumbayeva_N@railways.kz