Алғашқы лек аттанды

Балалар үшін көптен күткен қуанышты күн де келіп жетті. Кеше Атырау өңірінен теміржолшылардың жүзден астам баласы жазғы демалыс лагеріне аттанды.

Соңғы екі жылда пандемияға байланысты барлық лагерьлерге жол жабылған еді. Енді, міне, биыл қайта ашылып, балаларды қабылдауға дайын. 13 шілде күні Атырау вокзалынан бір топ балақай Бурабайдағы «Лесная сказка» демалыс лагеріне аттанды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Еркебұлан Біржановтың айтуынша, жолдағы Доссор, Мақат, Сағыз станцияларынан да балалар отырғызылып, барлығы 61 бала пойызбен жер жәннаты Көкшетауға жол тартты. Олар – қозғалыс саласына қарасты станция, вагон және локомотив деполары қызметкерлерінің 7-13 жас аралығындағы балалары. Әр он балаға бір жетекшіден бекітілген. Ал 14 шілде күні тағы 45 бала Ақтөбедегі «Кәмпит КЗ» лагеріне аттанды. Сонымен бас-аяғы жүзден астам балақай алғашқы лекте демалмақ.

Жалпы, биылғы маусымда атыраулық теміржолшылардың 246 баласы еліміздің түкпір-түкпіріне лагерьге барады. Балалар 14 күн емін-еркін демалып, ойнап, жаңа достар тауып дегендей уақытты көңілді өткізіп келетін болды. Ал екінші лек тамыздың басында аттанбақ.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор