ҚАРТ ЖОЛШЫНЫҢ ХАЛІН СҰРАДЫ

Жамбыл жол дистанциясы ұжымы мен мекеме кәсіподағы 86 жастағы ардагер Салих Хамантуровқа амандаса барып, азық-түлік себетін сыйлады.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Абдраимова мен машинист Азамат Сыдықов, метролог Раушан
Назарова бастаған ұжым қызметкерлері жылдағыдай зейнеттегі бұрынғы әріптестерінің үйін аралап, қал-жағдайымен танысуды бастады. Биыл олар алдымен Салих ақсақалдың үйіне барды.
– Салих Хамантуров бұрын біздің дистанцияда көп жыл жол монтері, жол бригадирі, жол шебері болып
жұмыс істеген. Ардагерлер кеңесін басқарған. Бүгінде балалары алыста болғасын, күтімі дұрыс болмай,
қарияның жағдайы нашарлап қалыпты. Кемпірі де ауырып жатыр екен. Оны көріп біздің де көңіліміз
түсіп қалды. Баласы Ресейден кеше келіпті. Бұл жолы азық-түлік себетін апардық. Алдағы уақытта қаражат
көзі табылса, көмек көрсету жағын ойластырудамыз, – дейді кәсіподақ басшысы.
Иә, қарттар күнінен басқа уақытта да қарияларды естен шығармай, қартайған жандарға көңіл бөліп
отырғанға не жетсін. Жамбылдық жолшылар ұжымы жыл бойына осы ретпен бұрынғы әріптестерінің үйіне
кіріп шығуды дәстүрге айналдырған.
Бүгінде аталған жол дистанциясында 221 зейнеткер бар.

Ұлан ОРАЗ
Суретті түсірген автор