Қауіпсіздік тақырыбы қыл қаламда…

Магистральдық желі дирекциясы «2024 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және технологиялық процесті сақтау жылы» аясында бірнеше байқау жариялады.

«Өзіңді сақта» тақырыбында балалар суреті және «Өндірістік процесті орындау барысында еңбектің қауіпсіз әдістері» тақырыбында өткен үздік видеороликтер байқауына дирекцияға қарасты құрылымдар қызметкерлері мен олардың балалары қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде 57 бала мен 10 қызметкердің жұмысы үздіктер қатарында аталып, компания логотипі бар сертификаттар, дипломдар және имидждік сыйлықтармен марапатталды.

Әрбір суретте теміржол тақырыбымен бірге мейірімділік, достық, отбасы – әрбір адам үшін қымбат және құнды нәрселердің бәрі бейнеленген. Балалар қиялға беріле отырып, ата-аналарының қауіпті жұмыстарын ақ қағазға бейнелеуге тырысқан. Байқау балалардың теміржолға қызығушылық танытып, теміржолшы болудың қиын да қауіпті мамандық екеніне қарамастан ата-аналарының кәсібін мақтан тұтатындарын көрсетті. Сонымен «Өзіңді сақта» тақырыбындағы балалар суретінің байқауы бойынша Тимур Бірманов (ИЖУ), Болат Даниал (НЖС-2), Анель Жакиенова, Диана Зубкова (НЖС1), Айсана Архат (НЖС-6) жеңімпаз болды.

Нұрбек БЕКЕН,

Суретті түсірген автор