Қазақ темір жолының 120 жылдығына орай көрме өтті

Рамазан айының 25-ші күнінде түркістандық теміржолшылар Арыс қаласында бас қосып, Наурыз мерекесін атап өтіп, қасиетті айда қатар келген оразаға орай ауызашар өткізді.
«Қазкөліккәсіп» ұйымының Шымкент филилалы ұйымдастырған жиынға «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының директоры Н.Байғазиев пен Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова, ардагер теміржолшылар мен сала мамандары қатысты.
350 адамға арналған алқалы жиында Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы мен Арыс станциясының қызметкерлері қалалық мәдениет үйінің әртістерімен бірге өнер көрсетті. Сондай-ақ, дәстүрді жаңғыртып жарапазан айтылды. Бірнеше балаға тұсаукесер рәсімі жасалды.
Сонымен қатар, ауызашардан сүт пісірімдей уақыт бұрын жиылған көпшіліктің назарына «Қазкөліккәсіп» ұйымының мұрындық болуымен Қазақ темір жолының 120 жылдығына орай өңір темір жолының тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды, оны тамашалағандар қатары мол болды.
Нұрлыбек Досыбай