Құрметті теміржолшылар және сала ардагерлері!
Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Бүгінде еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің болашағымыз жарқын. Егемендіктің алғашқы сәттерінен бастап Отанымызды өркендетуге, елдігімізді нығайтуға зор үлес қосқан, заманның ауыр жүгін бірге көтерген барша теміржолшылар мен ардагерлерімізге шынайы алғысымды білдіремін.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Мемлекеттігіміз мәңгілік болсын!
Кәсіподақ төрағасы Оразғали АХМЕТБАЕВ