Екі заманауи тиеу-көлік мотовозы (МПТ – 6) ҚТЖ мамандандырылған техникасының паркін толықтырды. Көліктер Сексеуіл және Балқаш жол дистанциясы на келіп түсті.
Мотовоздар жол шаруашылығында таптырмас көмекшілер болып саналады. Олар кран қондырғысымен және 10 мен 22 адамға арналған орындықтармен жабдықталған. Тиеу-тасымалдау мотовоздары жабдықтарды, құралдарды, жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын тиеу, түсіру, тасымалдау, жол монтерлерінің бригадаларын жұмыс жүргізілетін орындарға жеткізу үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар, мотовоздар маневрлік локомотив функцияларын орындайды және көптеген вагондарды жылжыта алады. Сатып алынған мотовоздар қазіргі қолданыстағылардан ерекшеленеді, өйткені оларда гидравликалық емес, заманауи дизель-электр жетегі бар. Бұл тегіс жүруді және рельстерде жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Жақын арада тағы екі тиеу-тасымалдау мотовозы жеткізіледі деп күтілуде. 2027 жылға дейін ҚТЖ жыл сайын 4 бірлік мамандандырылған техника сатып алуды жоспарлап отыр.