Маңғыстау вагон депосының бас инженері Құбайдолла Дүзікбаевты әріптестері үлкен құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Саналы ғұмырын вагон шаруашылығына арнаған тарлан теміржолшымен ұжым қимай қоштасты.
Қырық жыл уақыт ішінде жас теміржолшыдан бас теміржолшыға айналған майталман маманның вагон депосында өшпес қолтаңбасы қалғаны анық. – Маңғыстау вагон пайдалану депосының табысты қызметінің маңызды аспектісі Құбайдолла Дүзікбаевтың сауатты басшылығымен байланысты. Оның түбек теміржолының дамуына қосқан үлесі орасан.
1990 жылы бұл кісінің қатысуымен жолаушылар шаруашылығы жолсеріктерінің резерві ұйымдастырылды. Вагондарды жолға сапалы дайындау және санитарлық-тұрмыстық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Маңғыстау
вагон пайдалану депосында жолсеріктер резерві үшін қазандық, кір жуатын орын шаруашылық тәсілімен салынып, пайдалануға берілді. Маңғыстау станциясында жолаушылар вагондарына ТҚК-2, ТҚК-3 жөндеу түрлерін жүргізу
үшін Жолаушылар вагондарына бірыңғай техникалық тексеру цехы салынды және пайдалануға енгізілді. Учаскеде ПОНАБ, ДИСК-Б типтерін қазіргі заманғы КТСМ-01, КТСМ-02 ауыстыру кезінде автоматты бақылау құралдарын енгізуге қатысты, – деді ардагердің атына жылы сөзін аямаған Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов. Депо бастығы Сәрсенбай Есенқұлов бүгінде түбек теміржолында тер төгіп жүрген вагон саласы мамандарының көбісі өздерін Құбайдолла Дүзікбаевтың шәкірті санайтынын жеткізді. Солардың бірі депоның бас инженері міндетін атқаруға тағайындалған Ерболат Сәулебаев та ұстазына деген ізгі тілегін жеткізді.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Суретті түсірген автор