«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Магистральдық желі дирекциясының директоры Сакен Рахметовті «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапаттады.
Оразғали Ахметбаев бұл награда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан Республика күніне орай табысталып отырғанын атап өтті.
– Ұлттық компанияның жұмыс беруші үлкен филиалдарының бірі ретінде ЦЖС-пен кәсіподақ ұйымдары бірлесіп ұзақ уақыт жұмыс істеп, тіпті шиеленіскен күрделі мәселелерді бірлесе шешіп, оңтайлы жолдарын тауып келеміз. Біздің бұл іскерлік және әлеуметтік қарым-қатынасымыз одан әрі де жалғасады деген ойдамын, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы.
ЦЖС басшысы да өз кезегінде алғысын білдіріп, филиал қызметкерлерінің мүддесін және еңбегін қорғауда, оларға қолайлы еңбек жағдайын жасай отырып, қауіпсіздікті сақтауға қолдан келгендерін аянбайтынын және осы бағытта кәсіподақпен бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайын екендерін жеткізді.
Сұлугүл Бакесова