Жазғы маусым басталғалы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы әйелдерге арналған вагондарымен 70 мыңнан астам әйел жолаушы сапарға шыққан, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Салыстырмалы түрде, 2023 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында бұл қызметті 55 мыңнан астам әйел пайдаланған.
Биыл жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қосымша үш бағытта әйелдер вагонын іске қосу шешімі қабылданды. Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар 11 бағыт бойынша қатынайды:
- №354/353 «Астана – Семей»,
- №24/23 «Ақтөбе – Алматы»,
- №25/26 «Алматы – Шымкент»,
- №77/78 «Алматы – Маңғыстау»,
- №351/352 «Алматы – Өскемен»,
- №45/46 «Павлодар – Түркістан»,
- №37/38 «Маңғыстау – Семей»,
- №47/48 «Атырау – Астана»,
- №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1»,
- №4/3 «Астана – Алматы-2»,
- №71/72 «Астана – Шымкент».
Аталған вагондарға қолжетімділікті арттыру үшін әйелдер вагондарының билет бағасы стандартты билеттердің құнымен теңестірілді.
Әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады. Сонымен қатар, олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.
Әйелдер вагондарына билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол вокзалдарындағы кассаларынан сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.