Вы сейчас просматриваете «Әкем, анам және мен»

«Әкем, анам және мен»

Шалқар станциясы теміржолшылардың арасында спорттық сайыс өтті.
Отбасылық бәсекеге түскен теміржолшылар арасынан мықтылар анықталды.
Темір жол саласындағы кәсіподақ ұйымы тарапынан спорттық шаралар тұрақты өткізіледі. Сәуір айында спорттың жеңіл атлетика түрінен отбасылық жарыс өтті. Шараға Шалқар станциясындағы барлық темір жол мекемелерінен белсенділер қатысты.
Сайыс WorldAthletics-тің келесідей ережелері бойынша ұйымдастырылды: жіппен секіру, айқаса секіру, допты лақтыру, найза лақтыру, формула-1 эстафетасы, ілесе секіру, тосқауылмен жүгіру, джампингтен белсенділік сыналды.
«Әрбір спорттық шара – ұжымдық ауызбіршілік, салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған. Мұндай жарыстар кәсіподақ тарапынан қолдауға ие.
Теміржолшылар мекемеде ғана емес, отбасыларымен тығыз байланыс орнатады»,- дейді аймақтық спорт нүсқаушысы Нұргүл Батырхан.
Тартысты өткен сайыста төрешінің шешімімен бірінші орынды Шалқар станциясы басшысының орынбасары Дауылбаевтар әулеті еншіледі. Екінші жүлделі орынды әскерилендірген теміржол күзеті мекемесінің қызметкері алса, үшінші орын ПТО мекемесінен Ермағамбетовтер жанұясына бұйырды.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе