Темір жол – қауіпті аймақ. Мұнда қауіпсіздікті сақтау, еңбек қорғауға ерекше мән беру өте маңызды. Еліміздің бір түкпірінен екінші түкпіріне ерсілі-қарсылы ағылып жатқан пойыздармен жұмыс жасау, оларды қабылдау, жөнелту, жөндеу, бақылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соған сәйкес, «Атырау» қонақ үйінде 28 сәуір – дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру» тақырыбында республикалық деңгейде семинар өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан дерлік жүк тасымалы бөлімшелерінің бас инженерлері мен еңбек қорғау мамандары, Атырау локомотив және вагон деполары мен сатнциялардың еңбек қорғау инженерлері, өлке теміржолымен тығыз байланыста қызмет ететін Атырау мұнай өңдеу зауыты, Теңізшевройл, НКОК, БОЛАТ ЖОЛ, РТИ АНПЗ, басқа да мұнай компаниялары мен «Медикер» ЖШС, көлік прокуратурасы мен инспекция өкілдері қатысып, бөлімше кәсіподақ ұйымы жан-жақты қолдау көрсетті.
Семинарды Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан ашып:
Бүгінгі таңда еңбек қауіпсіздігі ең басты да маңызды сала екені белгілі. Соған орай осындай ауқымды шара өткізуді қолға алып, оған әріптестік қарым-қатынастағы мұнай компаниялары мен құзырлы орган өкілдерін шақырдық. Ондағы мақсатымыз өзара тәжірибе алмасу арқылы біліктілікті арттыру, бір-бірімізден үйреніп, соны өндірісте қолдана білу. Баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып, семинар жұмысына сәттілік тілеймін, – деді.
Семинар барысында оннан астам баяндамалар жасалды. Ең алғаш боп сөз алған Атырау станциясының бас инженері Бекжан Жиенбетов «Пойыз құрастырушылар үшін маңызды өмірлік он қағида» атты бейнеролик көрсетіп, пойыз құрастырушылардың жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыру, қате әрекеттерге жол бермеу, ол үшін жеке қауіпсіздікті сақтаудағы он қағиданы естен шығармау қажеттігін баяндады. Яғни,жұмысқа барарда арнайы киім киюден бастап, вагондарға міну-түсу, ажырату, жалғау кезіндегі қауіпсіздік, башмакты дұрыс қою, уақтылы хабарлау, сақтық, қырағылық таныту, т.б. Бейнеролик арқылы пойызқұрастырушының өміріне қаншалықты қауіп төнетінін көруге болады. Одан тек ережелерді бұлжытпай орындау арқылы сақтануға болады. «ҚТЖ»-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас инженері Дария Төлеуова да «Өндірістік жарақату алу» баяндамасын жұмыста тоқ соғудан сақ болуға арналды. Оның айтуынша, биылғы үш айдың өзінде қозғалыс шаруашылығының өзінде адамдарды тоқ соғу бойынша бірнеше оқиға орын алған. Сондықтан темір жолда пойыздан ғана емес, тоқтан сақтану да маңызды болып саналады.
Аға көлік прокуроры Карима Ердаулетова темір жол көлігіндегі еңбек қорғау мен қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеу бойынша шаралар алынатынын, адам құқығы конституцияға сай қорғалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теміржолшылар тарапынан заң бұзышылық та болып жатады, соның бірі жүк жөнелтушілерден алым сұраған немесе орын алған оқиғаны жасыру фктілері кездескен. Ерте ме, кеш пе, қандай ма заңбұзушылық бәрібір анықталады, сондықтан қаншалықты даулы мәселе болса да болған жайтты дер кезінде құзырлы органға хабарлау міндетті саналады. Еңбек инспекциясы басқармасы өкілі Сабыржан Төлегеновтың баяндамасы да осы тақырыптың заңды жалғасы іспетті болды. Яғни, Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Е.Халитовтың кенеттен денсаулығы нашарлап кеткен жағдайды талдау тақырыбы қозғалды. Оның айтуынша теміржолшылар өзінің денсаулығының нашарлауын сезініп тұрса да, қазақшылыққа салынып оны жасырады. Тәуекелге бел байлап, жұмысқа шығып кетеді. Ал оның ақыры жақсылыққа апармайтын белгілі. Аталған пойыз құрастырушы ораза ұстап, ақыры әбден қалжыраған. Соның кесірінен денсаулығы нашарлап, құлаған кезде бас сүйегіне зақым келген. Бұл жерде жұмыс берушінің кінәсі бар ма әлде жұмысшы өзі кінәлі ме? Ақырында даулы мәселені талдай келе Еңбек инспекциясы тарапынан жұмыс берушіге ешқандай талап қойылмайтыны айтылған. Бірақ, жұмысшының жастығын және өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зақым келгені ескеріліп, оған жұмыс беруші тарапынан көмек беру ұсынылған. «Өндірісте осындай да даулы мәселелер болады, сондықтан жұмысшы «ораза ұстадым» деп, не басқалай себеппен жұмыс қабілетін жоймауы керек» дейді еңбек инспекторы. Мұндай жағдайлар өндірісте көптеп кездесетіндіктен семинарға қатысушылар арасынан пікір білдірушілер көп болды. Бәрі де сайып келгенде жұмысшы мүддесін қорғау қажеттігіне басымдық берді.
«Теңізшевройл», «РТИ АНПЗ», НКОК сынды мұнай компаниялары өздеріндегі темір жол қызметі мен логистика саласындағы жұмыстар, жұмысшылардың құқығы мен міндеті, оларға қойылатын біліктілік талаптар, еңбек қорғау шаралары туралы слайдттар арқылы көрсетіп, баяндамалар қыды. Әрине, қаражаты мол компанияларды жұмысшы мүддесі барынша қорғалып, оларға жағдай да молынан жасалып отырғанын көру қиын емес. Тіпті арнайы киімдерінің өзі ерекше қызығушылық танытады. Арнайы киімдер тұсаукесерін өткізіп, таныстырған Теңізшевройл, РТИ АНПЗ өкілдері жұмысшы киімінің сапасына және өндірісте қолданылу қолайлығына мән беретіндігін жеткізді. Ал Атырау санитарлы-эпидемиологиялық көліктегі бақылау бөлімінің маманы Кәмшат Сартаева нысандарды тексеру, жұмысшылардың дәрігерлерге уақытылы қаралуы, компьютер алдында таңанан кешке дейін отыратын мамандардың еңбегін тиісті бағалау, жұмысшылар арасында артерияалды гипертензия мен жүрек аурулары басымдығы сынды мәселелерді қозғаса, «Медикер» ЖШС маманы Айтжанова Мейрамгүл ауысым алды медтексеруден өткізу және алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін
түсіндірді.
Еңбек қорғау мәселелері бойынша «КТЖ-Жүк тасымалы» -Батыс филиалының бас инженері Жасұлан Рскалиев, Мақат станциясының бас инженері Нұрман Ермұратов та өз ой-пікірлерін айтып өтті. Яғни, қандай ма бір сигналдың арнайы команда екенін білуі, маневрллік жұмыстар кезінде аса сақ болу, тежегіш жылдамдығын төмендетуде башмақты қолмен емес, арнайы шанышқымен қою, қауіпсіз қашықтықты сақтау, т.б. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Хамиев еңбек мәдениетін қалыптастыру, вагон жуатын, теміржолға басқа да ақылы қызмет көрсететін мекеме жұмысшыларының қауіпсіздігі мен құқығы дұрыс қорғалмауы шешемін табуы қажеттігін қаперге берді.
Шара барысында баяндамашыларға қойылар сұрақтар көп қойылды және әркім өз ойын айтып, пікірін білдір құқығына ие болды. Қатысушыларды шаршатпау үшін кофе-брейк ұйымдастырылып, арасында интеллектуалды ойындар ойнатылып, арнайы киімдер презентациясы жасалды. «Мен семинардан үлкен әсер алдым. Атырау бөлімшесі тығлықыты дайындалып, өте ауқымды, жоғары деңгейде өткізді. Менің жұмыстас әріптестерімнің бұл жерде болмағаны өкінішті. Құзырлы орган өкілдері де заң талаптарын сақтау бағытында орынды талаптар қойды, түсінік берді. Маған еңбек инспекиясы өкілінің баяндамасы ерекше ұнады. Өйткені жұмыс барысында, өндірісте әр түрлі жағдайлар болып жатады, еңбек демалысы дұрыс ұйымдастырылмай қалады. Әсіресе ораза кезінде. Бірақ соған қарамастан жұмысшы мүддесі алдыңғы кезекте болуы қажет. Жалпы, баяндамашылардың сөздерінен көп мағлұмат алдық» дейді семинар қонағы, Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесінің еңбек қорғау және экология бөлімінің бастығы Әсел Оспанова. Атырау жүк тасымалы бөлішесі еңбек қорғау бөлімінің бастығы Салтанат Нұрсұлтанова семинар бойынша барлық қонақтардың ой-пікір маңызды болғанын атап өтті.
Семинар барысында қатысушы қонақтар және Атырау жүк тасымалы бойынша еңбек қорғау саласында ерекшеленгендер Алғыс хатпен марапатталды.
Қосұйым Мұқашев, Атырау