I. Пайда болу кезеңі (1905 жылдың көктемі – 1917 жылдың жазы)
1. 1905 жылғы 20-21 сәуір. Бүкілресейлік теміржол одағының I съезі өтті (БТО, Мәскеу қ.).
2. 1905 жылдың көктем-жазы. БТО І съезінің шешімі бойынша Орынбор-Ташкент т.ж. желісінде социал-демократиялық топтар, оның ішінде Перовск (қазіргі Қызылорда), Қазалы, Түркістан, Ақтөбе және т. б. станцияларда құрылып, нығая бастады.
* 1905 жылғы мамыр. Архив деректері бойынша қазіргі Қазақстан аумағындағы БТО-ның бірінші ұйымы Перовск станциясының паровоз депосының жөндеу шеберханаларында ұйымдастырылды.
* 1905 жылдың мамыр айының соңы. Жосалы станциясындағы толқулар. 200 жұмысшы әкімшіліктен еңбек жағдайларын жақсартуды, жұмыс уақытын қысқартуды, сыпайы қарым-қатынасты және т. б. талап етті.
* 1905 жылдың тамызы. Перовск станциясы жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсарту талаптарын қойған алғашқы ереуілі.
3. 1905 жылғы қазан (Орынбор). Теміржолшылардың жалпы жиналысы өтті, ол жол жұмысшыларының экономикалық және қызметтік жағдайын жақсарту талаптарының бағдарламасын әзірлеу үшін делегаттар сайланды. Олардың ішінен революцияға дейінгі Қазақстан теміржолшыларының алғашқы кәсіби ұйымдарының бірі – «Атқарушы мекеме» – «Орынбор-Ташкент жолының теміржол одағының бюросы» құрылды. 1905 жылы 18 қазанда Орынбор теміржолшылары «барлық бағдарлама бойынша Бүкілресейлік теміржол одағына қосылуға» шешім қабылдады.
4. 1905 жылғы 15 қазан. Теміржолда ереуіл басталды. Жолдың оңтүстік бөлігінде оны Перовск станциясының теміржолшылары басқарды. Перовск теміржолшылары бұл күндері теміржолшылардың бірінші делегаттық съезін қолдай отырып, Бүкілресейлік сипаттағы саяси талаптарға ашық түрде қосылды.
5. 1906 жылғы шілде. Орынбор-Ташкент темір жолының Қазалы станциясында БТО аудандық комитеті құрылды.
6. 1906 жылдың күзі (Петропавловск ст.). 210 адамнан тұратын паровоз депосында БТО ұйымы ұйымдастырылды.
7. 1908 жылдың күзі (Орал станциясы). Теміржолшылардың еңбек құқықтарын қорғау үшін шеберханалар мен депо жұмысшыларының кәсіптік одағы құрылды.
8. 1911 жылғы сәуір (Перовск станциясы). Паровоздар үшін отын шығыны нормаларының күрт төмендеуіне және оларды асыра пайдаланғаны үшін айыппұлдарға наразылық білдірген паровоз бригадаларының ереуілі.
9. 1913 жылғы маусым (Ақтөбе станциясы). Құрылыс жұмыстарына мердігерлер тартқан 201 адамнан тұратын жұмысшылардың ереуілі.





