Вы сейчас просматриваете 2.Кәсіподақ қозғалысы тарихынан

2.Кәсіподақ қозғалысы тарихынан

ІI. Басталуы (1917 жылғы шілде-1925 жылғы мамыр)

1.         1917 жылғы 15 шілде. Бүкілресейлік теміржолшылар Одағының құрылтай съезі өтті, онда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті (Викжель) сайланды.

2.         1917 жылғы 19 желтоқсан. Бүкілресейлік төтенше теміржол съезі өтті, Бүкілресейлік теміржолшылардың атқару комитеті (Викжедор) сайланды.

3.         1918 жылғы 17 қаңтар. Бүкілресейлік теміржолшылар кәсіби одақтары Орталық басқармалары (Всепрофжел) конференциясы жұмысын бастады.

4.         1919 жылғы 21 ақпан – 1 наурыз. . I Бүкілресейлік теміржолшылар съезі өтті. «Бүкілресейлік теміржол көлігінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің кәсіби одағы» атауы бекітілді. Одақтың Орталық Комитеті (Цекпрофсож) сайланды.

5.         1920 жылдың 3 қыркүйегі. Бүкілресейлік кәсіптік одақтардың Орталық кеңесінің пленумы (ВЦСПС) өтті.

6. 1921 жыл 21 наурыз. Мәскеу қаласында теміржол және су көлігі қызметкерлерінің біріккен Одағының 1 Бүкілресейлік съезі өтті. Съезде көлік жұмысшылары одағының Орталық комитеті сайланды (ЦЕКТРАН).

7.         1922 жылғы 2-4 қазан. Темір жол және су көлігі қызметкерлері Одағының II бүкілресейлік съезінде кәсіподақ екі автономды одаққа бөлінді: теміржолшылар мен сушылар.  Бүкілресейлік теміржол көлігі жұмысшылары мен қызметкерлерінің кәсіптік одағы құрылды. 

8. 1922 жыл. ССРО Жол қатынастары Халықтық комиссариаты (НКПС) мен Кәсіподақ ОҚ арасында алғашқы Бас Ұжымдық шартқа қол қойылды

9.         1924 жылғы 17 сәуір. Бүкілресейлі кТеміржолшылар кәсіподақтарының VII съезі өтті. «КСРО Теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіптік одағы» жаңа атауы қабылданды.

10.       1924 жылы Жетісу темір жолы ұйымдастырылды және аудандық кәсіподақ ұйымы (Райпрофсож) құрылды.

11.       Теміржолшылардың кәсіподақ қозғалысын қалыптастырудағы еңбегін мойындауда Қазақстан кәсіподақтарының бірінші съезі 1925 жылғы 31 мамырда Қызылорда қаласында өтті.