Дәуірлер түйіскен тұс. Тәуелсіз Қазақстанның теміржолшылар кәсіподағының тууы (1990 – 1993жж.)
Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында елде жинақталған жағымсыз құбылыстар кәсіподақтардың қызметіне де әсер ете бастады. Өмірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларында болып жатқан өзгерістерге қарамастан кәсіподақтар 80-жылдардың ортасына қарай өздерінің дәстүрлі, өндірістік және тарату функцияларын орындауды жалғастырды.
1990 жылғы 10 қазан. Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазсовпрофтың құқықтық мирасқорының – Қазақ КСР кәсіптік одақтар Федерациясының құрылуы туралы Декларация қабылданды.
Федерация мемлекеттік органдардан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіздігін жариялап, өз қызметінің басты мақсаты етіп – кәсіподақтардың іс-әрекеттерін шоғырландыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және кәсіптік одақтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді белгіледі.
Федерацияның құрылтайшылары мен мүшелері салалық кәсіптік одақтар мен аймақтық одақаралық бірлестіктер болды.
1992 жылғы 3 наурыз. Қазақ КСР Кәсіподақтар федерациясын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды.
1992 жылғы 26 наурыз. Қазақстан Республикасының теміржолшылар мен көлік құрылысшыларының кәсіптік одағын құруды жариялаған I (құрылтай) съезі өтті. Оған еліміздің үш темір жолынан 120-дан астам делегат қатысты (Дорпрофсож, Райпрофсож және жол бөлімшелеріне тікелей бағынатын кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ «Желдорстрой» және «Қазтранстрой» құрылыс трестері). Съезде салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары мен Жарғысы әзірленіп, бекітілді. Бірыңғай салалық кәсіподақтың төрағасы болып Алматы темір жол кәсіподағының басшысы Борис Егорович Шубин сайланды.
1993 жылғы 26 ақпан. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы, Батыс Қазақстан, Тың темір жолдары басқармалары және Қазақстанның теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағы арасында алғашқы Салалық келісімге қол қойылды.
1993-2000 жылдар. Еңбек адамдарының өмірлік маңызды мәселелерін шешу үшін өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Кәсіподақ атқарушы билік органдарымен және жұмыс берушілермен сындарлы диалогқа табандылықпен қол жеткізуде.
Қазақстанның болат магистралі бірқатар негізгі өзгерістерге ұшырағандықтан, құрылымы, атаулары өзгерсе де, тәуелсіз кәсіподақ саланың мыңдаған еңбеккерлерінің мүдделерін мақсатты және жоспарлы түрде қорғауда. Бұл ретте еңбек жанжалдарына және жұмысты тоқтатуға жол бермеді. Барлық мәселелер келіссөздер үстелінде күш тұрғысынан емес, диалог арқылы құрметпен қаралды. Кез-келген жағдайда нақты мүмкіндіктер мен еңбек ұжымдарында қалыпты психологиялық климат құру әрқашан бірінші орынға қойылды.





