Вы сейчас просматриваете 7. Кәсіподақ қозғалысы тарихынан

7. Кәсіподақ қозғалысы тарихынан

Жаңа мыңжылдықтың бастауында. Болат магистраль жұмысшыларының мүдделерін қорғау (2000 – 2014жж.)

    2000 жылдың қыркүйегі. 1995-2000 жылдар аралығында теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағы Орталық кеңесінің жұмысы туралы есепті қараған Кәсіподақтың IV съезі өтті. Онда Кәсіподақ Жарғысына өзгерістер қабылданды, Кәсіподақ филиалы туралы, бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы, бақылау-тексеру комиссиясы туралы ережелер, кәсіподақ билеті, есепке алу карточкасы, логотиптің үлгілері бекітілді. «Қазақстан Республикасындағы теміржолшылар мен көлік құрылысшыларының кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігін «Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі деп қайта атау туралы шешім қабылданды.

    2010 жылдың қыркүйегі. Кәсіподақтың VI съезі өтіп, онда қазіргі уақытқа дейін салалық кәсіподақты басқаратын О.Т.Ахметбаев Қазақстан Республикасы Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы болып сайланды. Осы съезде республикадағы темір жол кәсіподақ қозғалысын сақтау мен дамытуға сіңірген еңбегіне құрмет көрсете отырып, кәсіподақтың бірінші төрағасы Б.Е.Шубинге «Қазақстан Республикасы Теміржолшылар кәсіподағының құрметті төрағасы» атағы берілді.

    2014 жылғы 2 қазан. Қазақстан теміржолшылар кәсіподағының кезектен тыс VIII съезі өткізілді. Делегаттар кәсіподақты «Қазақстандық салалық теміржолшылардың кәсіптік одағы» ҚБ деп қайта атау туралы шешім қабылдады. 2014 жылы қабылданған           «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жарғы мен Ережелерге өзгерістер енгізілді.

    2014 жылғы 3 қазан. Кәсіподақтың бастамасымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, еншілес ұйымдар, сондай-ақ компанияның басқаруына берілген көлік ұйымдары жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің төрағаларының: «Компанияның әлеуметтік бағдарланған саясаты-ұжымдағы және өндірістегі тұрақтылық» атты форумы өтті.

    2014 жылғы 12 желтоқсан. Қазақстан Республикасының көлік саласы кәсіподақтарының біріккен съезі өтті. Съезде «Қазақстан Республикасының авиация қызметкерлері кәсіподақтарының федерациясы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындары кәсіподақтарының одағы» ЗТБ, «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлер кәсіподағы» ҚБ, «Астана халықаралық әуежайы» қызметкерлер кәсіподағы» ҚБ көлік саласының кәсіподақтары «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы»  ҚБ деп аталған «Қазақстан салалық кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйым ретінде кіру туралы шешім қабылдады (ҚАЗПРОФТРАНС).