Вы сейчас просматриваете Адал еңбек иелері марапатталды

Адал еңбек иелері марапатталды

Жыл айрығында «Қазақстан теміржолы» – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы 2024 жылды қорытындылап, жемісті еңбек еткен теміржолшыларды марапаттады.
Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов, кәсіподақ комитетінің филиал төрағасы Жұман Сәменов теміржолшыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Жыл ішінде өз мамандықтарына адалдық танытып, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындап, табандылықпен көзге түскен теміржолшыларға «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» төсбелгілері және «Қазақстан теміржолының 120 жылдығы» мерейтойлық медальдарын тапсырды. Сондай-ақ «Қазақстан теміржолы» – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының Құрмет грамотасымен марапатталған еңбек иелері де бар.
2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда қошемет-сыйға лайық. Жыл соңында өткен салтанатты іс-шарада 40-қа жуық теміржолшы түрлі марапаттардың иегері атанып, сый-құрметке бөленді. Бұл – жылдар бойы тер төккен адал еңбектің жемісі.
Ардақ Үсейінова