Жетіген станциясында Алматыны айналып өтіп салынып жатқан теміржол желісінің рельс-шпалдық торын төсеу басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл өңірдің дамуына және елдің көлік-транзиттік әлеуетіне әсер ететін ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жаңа тармақ Алматы торабының жүктемесін 40% -ға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.
Бүгінгі таңда 60 шақырым рельс-шпалдық тор жиналып, төселуге дайын. Жолшылар үшін плацдармды қамтамасыз ету үшін механизаторлар жер жұмыстарының 80% -ын орындады. Бір мезгілде көпірлер салынып және су өткізу құбырлары орнатылуда. Жоба бойынша барлығы 74 жасанды құрылыс қарастырылған.
Нысанда 600-ге жуық адам жұмыс істейді және 230-дан астам түрлі техника тартылған.