АЙЫМКҮЛ ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған байырғы теміржолшы, батыр ана Айымкүл Омарова 80 жасқа
толды. Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисен Шермаханов пен бөлімше кәсіподағы ұйымының
төрағасы Мұхтар Көпірбаев мерейтой иесін арнайы барып құттықтады.

Айымкүл апамыз – жұбайымен бірге сол дәуірдегі құрылыс-шаруашылық бөлімінде (НГЧ) жұмыс істеп жүріп өмірге 4 ұл, 4 қыз әкелген батыр ана. Қазіргі таңда шаңырақ иесі кіші ұлының қамқорлығында, немере-шөберелер қуанышын көріп отырған бақытты әже.
– Мекеме шаруашылыққұрылыс саласында болғасын жұмыс көп еді. Азаннан кешке дейін тыным таппайтынбыз. Қазіргі кезде сол жұмысты табудың өзі қиын болып кетті. Жұмыс болмаған жерде береке де болмайды, тұрмыс ауырлайды. Бізді ойландыратын да осы жағы. Болмаса заман тыныш, жанға керектің бәрі дайын, тапшылық жоқ, тек жастарға жұмыс болсын, отбасын асырап, өсіп-өнсін, – деп тілегін жеткізді сексен жасаған қарт ана. Кәсіподақ ұйымы мен бөлімше басшылығының, ардагерлер кеңесінің атынан мерейтой иесіне арнайы сый-сияпат табыс етілді.

Источник


Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор