Наурыз қарсаңында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 24-наурызында Арыс қаласында теміржол мкемелері қызметкерлері арасында ұлттық ойындардың тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату түрлерінен спорттық жарыс өтті.
Тарихының ажырамас бөлігі теміржолмен тікелей байланысты қызметкерлер биыл жарыстың дәстүрлі түрде 10шы жыл ұйымдастырылып отырғанын айтып, әз Наурызда ұлттық спорт түрінен өткен сайыста белсенділік танытып, спорттық жарысқа ВЧД 30, ШЧ 38, ДС Арыс, ТЧЭ 32, ПЧ 54 сияқты мекемелерден 7 команда, яғни 50адам қатысты.
Іс-шара барысында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушысы Маньшина Елена Николаевна және Жүк тасмалы кәсіподақ комитетінің Арыс станциясының цехком төрағасы Шорахан Телгозы Шораханұлы сөз сөйлеп іс-шара қатысушыларына алғыс білдіріп, отбасыларына табыс қиын еңбекте сәтті жол тіледі.
Спорттық жарыстың арқан тарту түрінен
1-орынды ШЧ-38 командасы
2-орынды ПЧ-54 командасы
3-орынды ВЧД 30 командасы иеленді
Тоғызқұмалақ түрінен:
1-орынды Абдибаитов Мұрат, ШЧ 38 командасынан
2-орынды Мырзан Назарбай, ТЧЭ 32 командасынан
3-орынды Килибаев Нұрлан ДС Арыс командасы иеленсе,
Асық ату түрінен:
1-орынды ВЧД 30 командасынан, Жанәділ Асхат
2-орынды ШЧ 38 командасынан, Күшікбаев Кенжебек
3-орынды ПЧ 54 командасынан, Оқсықбаев Әзімхан иеленді
Жеңімпаздарға толықтай «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен , медальмен және қаржылай сыйлықтармен және 1-орын иегерлері Бурабайға жолдамамен марапатталды.
Джолдасов Мақсат, ПЧ 54 мекемесінің жол жөндеушісі, Арқан тартудан 2-орын иегері, 10 жылдан бері осы мекемеде қызмет етіп келемін, маған спортпен айналысқан ұнайды, тек қана арқан тарту емес жалпы теміржолшыларға бұндай спорттық жарыстар көптеп ұйымдастырылуы керек, себебі ауыр жұмыс күнінің соңы кейде шаршағаннан қалай аяқталғанын да білмей жатамыз, бір мезгіл бізге де спорт арқылы қоғамдық іс-шаралар арқылы серпіліп тұруымыз керек деп ойлаймын, бүгінгі жарыста мақсат жеңу емес өз ұжымымызды қолдау болып табылады.
Күшікбаев Кенжебек, ШЧ 38 мекемесінің электромеханигі, Асық атудан 2-орын иегері, жалпы әріптестеріміздің Бурабайға барып спорттық жарысқа қатысып жүргенін естиміз, биыл бізде қтысып бақ сынап көрдік, өзім өз балаларыма ата-бабадан дарыған «асық атуды» үйретіп келемін, біз жасаған нәрсе өскелең ұрпаққа өнеге. Сондықтан да тек наурызда емес жалпы ұжым арасында ұлттық спорт түрлерін алдағы жылдары да жас кәрі демей көбінен насихаттау керек деп ойлаймын.
Асанов Көмек, Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Арыс қаласы бойынша спорт нұсқаушысы. Іс-шара жоспары құрылып мекеме атынан хабарландыру дайындағаннан бастап теміржолшылар белсенді түрде жарысқа қатысуға өтінім білдірді соның ішінде Арыс станциясынан 7 бірдей мекеме жиналғандықтан жарыс осында өткізліді, республикалық жарысқа жолдама ең мықты командаларға бұйырды.Жарысқа қатысқан азаматтардың арасынан түңгі ауысымнан шықса да жарысқа қатысқан азамттарға ерекше алғыс білдіремін. Ауыр жұмыспен шаршаған теміржолшылар үшін бүгінгі жарыс жаңа серпіліс және мотивация болды.
Сабира Байзахова, Шымкент