Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы тәуелсіздіктің 30 жылдығына боулингтен турнир өткізді. Спорттық сайысқа аймақтағы кәсіпорындардан іріктелген 9 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Бурабай курорты, Жаңаесіл, Тайынша, Атбасар станция-ларындағы теміржол мекемелерінің теміржолшылары қатысқан қазақша күресте бағын сынамақ болған жастар қатарында Атбасар станциясының вагон қараушысы Нұрсұлтан Қонысов та болды. Жауырыны жерге тимеген кешегі Қажымұқан мен Балуан шолақтың ұрпақтары ортаға шығып, белдесуге белдерін бекем буып келгендерін байқатты. Бірақ, жарыстың аты жарыс. Онда біреудің асығы алшысынан түсіп жатса, екіншісінің бабы келмей, жеңіліске ұшырап жатады. Біздің кейіпкеріміз Нұрсұлтан біріншілердің қатарынан. Қарсыластарын қапсыра құшақтап, бірінен соң бірін жамбасқа лақтырып, жауырындарын жерге тигізген балуан 80 келі салмақ бойынша чемпион атанды.
Отбасылы, екі баланың әкесі Нұрсұлтан күреспен 8 жасынан бері айналысып келеді екен. Осыған дейін де талай жарыстарға қатысып, жүлде алған жігіт қазақтың байырғы спорт өнерінің теміржолшылар арасында кең тарағанын қалайды.
Сулугүл Бекенқызы, Нұр-Сұлтан
Суретті түсірген автор