«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының кәсіподақ комитеті балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқауды қорытындылады.
«Батыс» филиалы халықаралық балаларды қорғау күніне орай сурет байқауын жыл сайын ұйымдастырады. Дәстүрлі шара биыл да қолға алынды. Теміржолшылардың отбасынан шыққан 300-ден аса бала мерекелік іс-шараға шақырылды. Оның ішінде 19 мүмкіндігі шектеулі балаға материалдық көмек көрсетілді.
Теміржолшылар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін облыстық «Алақай» балалар театрының ұжымын шақырып, аниматорлар әртүрлі қойылымдар ұйымдастырды. Байқауларда ерекше көзге түскен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Қалғандарына жұбаныш сыйлықтары табысталды.
Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе
Суретті түсірген автор