Вы сейчас просматриваете БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!

Аягөз локомотив пайдалану депосының теміржолшылары қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көш басында келеді.

Бұл орайда депо басшысы Алмас Жанатқалиұлының жетекшілігімен бірқатар игілікті іс сәтімен жүзеге асырылып келеді. Жуырда аягөздік локомотившілер өткен балалар жылын қорытындылады. Осыған орай теміржолшылар шаһарындағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін үлкен тарту жасады. Кішкентай бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар табыстады.
Өз кезектерінде балақайлар да қарап қалмай, теміржолшы аға-апалары үшін арнайы әзірленген концерттік бағдарлама аясында өнер көрсетіп, жанды дауыста ән шырқады. – Мұндай игілікті шаралар алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады. Қамқорлық көрсету – парызымыз, – дейді бұл орайда аталмыш мекеменің кәсіподақ ұйымы төрағасы Ғалинұр Мырзашев.


Абай ЕРТІС, Семей