Вы сейчас просматриваете Балалар арасында сурет салу байқауы басталды

Балалар арасында сурет салу байқауы басталды

ҚТЖ Әлеуметтік саясат департаменті «Балауса болашақ» балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн сурет байқауы басталғанын хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – теміржолшы мамандығын жас ұрпаққа насихаттау. Байқауға компанияның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінің 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатыса алады. Жарысқа суреттерді қабылдау 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін жүргізіледі. Қорытындылары 2025 жылғы 1 маусымнан кешіктірілмей жарияланады.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Толығырақ ақпарат алу үшін әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиевке 60-45-76 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Райхан Рахметова