Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына барып, көлік инфрақұрылымының негізгі объектілерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Түркістан қаласында еліміздің көлік саласына жауапты министр бұл аймақтағы ең көне және әдемі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі саналатын теміржол вокзалына барды. Бүгінгі таңда станция 17 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді, оның ішінде 3 халықаралық бағыт бар. 1904 жылы бой көтерген ғимарат тәулігіне мың жолаушыға қызмет етуге қауқарлы.
Министрге жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы, атап айтқанда қала әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленгені туралы айтылды. Шатырды, қасбетті, баспалдақ алаңдарын, жолаушылар платформаларын, жуынатын бөлмелерді, инженерлік және төмен ток жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Басқа аймақтық вокзалдар сияқты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнап бейімделу құрылғыларымен және ақпараттық табло-кестелермен жабдықтау қажеттілігі бар.